Іс-шаралар » Страница 5 » НШ №38 Қызыл-сай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"38 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Іс-шаралар
27
октябрь
2023
Іс-шаралар
№38 бастауыш мектебінде 2-4 сыныптар арасында "Аяулы алтын күз" тақырыбында мектепішілік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге, сақтауға үйрету. Инабатты, іскер, иманды, мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Білім алушылардың билерін, әндерін, тақпақтарын, білімдерін,өнерлерін тамашаладық. Шеберліктерін көрсетіп әр сынып макеттерін жасап келіпті. Өнерлерің өрге бассын!
Тәрбие сағаты
24
октябрь
2023
Тәрбие сағаты
№38 бастауыш мектебінің 1-2 сыныптар арасында "Республика күніне" орай тәрбие сағаты өткізілді.  Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге.Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Білім алушылар өлеңдерін оқып, топпен жұмыс, сұрақтарға жауап берді.
Ұстаз-ұлы тұлға!
05
октябрь
2023
Ұстаз-ұлы тұлға!
Мақсаты: Оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.
Тәрбие сағаты
02
октябрь
2023
Тәрбие сағаты
2-сынып білім алушыларының"Қарттарым қазынам" тақырыбында өткізді. Білім алушылар өлеңдерін оқып, суреттерін салып,салған суреттерін әңгімелеп айтып берді. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
"Денені сергіту" челленджі
08
сентябрь
2023
"Денені сергіту" челленджі
"2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатына сәйкес, 2023 жылдың 8 қыркүйек күні №38 Бастауыш мектебінде "Дене сергіту" челленджін өткізу сәті
Тәрбие сағаты "Тіл-татулық белгісі"
05
сентябрь
2023
Тәрбие сағаты "Тіл-татулық белгісі"
5 қыркүйек күні 2а сынып білім алушыларына "Тіл - татулық белгісі" атты тәрбие сағаты өткізілді. Білім алушыларға тіл туралы және А.Байтұрсынов, М. Әуезов  және басқа ғалымдар туралы, олардың еңбектері жайлы  біраз мағлұматтар айтылды. Мақсаты: жас жеткіншектер бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгертіп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу, қасиетті ана тілін қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу: "Тіл-жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі,қоғамның нәтижесі. Тіл-қоғамдағы
"Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні"
01
сентябрь
2023
"Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні"
Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Тәжірибелік сабақ
28
апрель
2023
Тәжірибелік сабақ
№38 бастауыш мектебінің 1-2 сынып білім алушыларының 1- Мамыр "Достық туы" тәрбие сағатынан көріністер.  Сабақтың мақсаты: Бірлік, ынтымақтастық, татулық,сыйластық, адамгершілік осы қасиеттерді бойларына дарыту арқылы достықты, тыныштықты, бейбітшілікті сақтау.
Тәжірибелік сабақ
12
апрель
2023
Тәжірибелік сабақ
Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін ,жерін,сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген  құрмет сезімге баулу. 
Тәрбие сағаты
07
апрель
2023
Тәрбие сағаты
7- Сәуір күні Денсаулық күніне байланысты "Спорт- денсаулық кепілі" атты іс-шара өткізілді. 1-4 сыныптар арасында эстафеталық ойындар, әр түрлі доп ойындары, асық ойындары, секіртпемен секіру ойындары ұйымдастырылды.