Дұрыс тамақтана білеміз бе?
«Тамақты шын көңілмен сүйсініп ішу керек»
И. П. Павлов
«Дұрыс тамақтана білеміз бе»
Ат - адамның қанаты,
Ас - адамның арқауы
Адам ағзасы қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық факторларыныңәсерін сезінеді. Қазіргі уақытт ақоршаған ортаның техногендік сипаттағы өнімдермен ғаламдық ластануы байқалуда. Сондай - ақ адамдардың дұрыс тамақтанбауы, дәрі - дәрмектерді көп пайдалануы, тұрмыста санитарлық – гигиеналық талаптардың сақталмамауы түрлі аурулардың дамуының негізгі себептері болып табылады.
Сіздің дененіз сау және сұлу болып өсуін үшін, ағзаңызға көп нәрлі заттар қажет. Ағзаның қалыпты өсуіне нәруыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен микроэлементтер қажет. Қазіргі кездегі оқушыға күніне тамақтану төрт ретпен кем болмауы керек: ертеңгі ас, түскі ас, сәскелік ас және кешкі аста міндетті түрде ыстық тамақ болу қажет. Сіздің ішетін тағам құрамында сүт, сүзбе, құрт, ірімшік, айран, кальций мен нәруыздардың көзі болу керек. Кальций мен фосфорды балық тағамдарда алуға болады. Сізге күніне 1 - 1, 5 л. сұйықтық, бірақ газдалған емес, жеміс немесе көкөніс шырынын ішу керек. Адам үшін, ең қажеттісі ертеңгі ас! Ертеңгі асқа, мысалы, тәтті шай, нан - тоқаш өнімдері, балғын көкөністер және сұлы немесе қарақұм ботқасы. Түскі асқа ыстық тамақпен тамақтану қажет. Міндетті түрде, екі ыстық тамақ болса тіпті жақсы.
Үйлесімді тамақтану – бүкіл ағзаға әсіресе жүрек – қантамыр жүйесіне кешенді әсер етеді. Жүрек – қантамырлар жүйесі жұмысының өздігінен реттелу механизмдері қалыпқа келеді. Дене салмағының азаюы, жүрек бұлшық етіне түсетін қосымша салмақты азайтады.
Тамаққа жемістер күніне 400 г. кем емес көкөністерді көбірек пайдаланыңыз.
Майлы ет пен тәтті тағамдарды азырақ жеңіз.
Астық дақылдарынан жасалған тамақтарды пайдаланыңыз
Құрамында магний, калий және кальций көп тамақтарды көбірек жеңіз.
Тұзды тәулігіне 5 г. артық пайдаланбаңыз. Дұрыс тамақтандыру сізге қан қысымыңыздың көтерілу қаупін азайтуға және денсаулығыңызды нығайтуға көмектеседі.