Заңды кім шығарады? » НШ №38 Қызыл-сай
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"38 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Заңды кім шығарады?
08
октябрь
2021

Заңды кім шығарады?

Мерзімі: 08.10.2021жыл

Заңды кім шығарады?
 Мақсаты: оқушыларға құқықтық білім беру, құқық бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру.
 
 
Қолыңда болса бір билік,
 Қарғаға залым болмаңыз.
 Алдыңа келсе бітпес дау,
 Әділін айтып қорғаңыз.
 /Төле би./
 /  
Кіріспе сөз
 
 ҚР - ң Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы - адамның құқықтары, бостандықтары, қадір - қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы. ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Екі бөлім 54 баптан тұрады.
 Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел - жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен - көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.
 Ата - ана - өте қымбатты да асыл жандар. Ол дегенде әр баланың жан-дүниесінде бәрі жайнап кетеді. Бізді өмірге әкеліп, киіндіріп, бар жақсысын алдымызға тосқан ата - ананы мәңгі аялауға міндеттіміз
 Иә, кейде ата - анасына тіл алмай, сөз қайтаратын балалар да болады. Бұл - олардың ең үлкен әрі кешірілмес қателігі. Мейірімсіз жастар әкесін, не шешесін қарттар үйіне тастап кетіп жатқанын көргенде, жүрегің қан жылайды.
 Главная бақыт - бәрімізді тіршілікке әкеліп, өмір көруімізге себепкер болған ата - анамен бірге ғұмыр кешу. Сол себепті де ана мен әкеге деген сезім мен махаббат мәңгі суымауы тиіс.
 Қазірдің өзінде көптеген мамандарға зәрулік басым. Солардың орнын толтыру және қоғам өмірінің барлық саласына белсене араласу үшін біз өз таңдауларымызды жасауымыз қажет. Алайда, сол кәсіпті игеру үшін де білім керек. Ал, оның негізі мектепте қаланады. 
 Білім босағасында әйтеуір орта білім алу қажет - ау деген дұрыс емес. Екіншіден, жоқтық жағадан алған мезгілде «киімім жоқ» деген сылтаумен мектепке бармай жүрген балалар да баршылық. Қалай ойласақ та, мектепке бармаудың зардаптары көп.  Одан ата - аналардың өзі зардап шегеді.
 Білімді болсақ, келешекті нұрландырып, Отанымыздың іргетасы бола аламыз.
 Республикамыздың мемлекеттік нышандары Әнұран, 
Ту және Елтаңбасы әлемге әйгіленіп, жер бетіндегі іргелі ел екенімізді растайды.
 Мектепте әр линейка сайын Әнұран айтылады. Ол біздің жерімізге, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді, махаббатымызды оятады.
 Отан – оттан да ыстық болуы керек. Отанымызды шексіз сүйгенде ғана, оның болашағы үшін күресіп, шаңырағын биіктетуге атсалысамыз.
 Әскерге бармас үшін өтірік төлқұжат жасататындар да бар. Сондай су жүрек, қорқақ ұлдарды жек көремін. Небір сәттерде ұланғайыр жерімізді қорғап, бүгінгі ұрпаққа сыйлаған бабаларымызға бас иеміз. Солардың мұрасын ұстап, мұратын алға апарудан жалтарғандарды заң жолымен жазалау керек.
 Біздің еліміздің табиғаты тамаша: қазба байлықтары да мол. Дегенмен, бүгінде өзен, көлдер тартыла бастады. Демалыс аймақтарының өзі қоқыспен толтырылуда. Тіпті отынның жоқтығынан бүтіндей бір ауылдар айналасындағы жасыл желек атаулыны кесіп, тамызыққа айналдырған. Одан қала берсе, бағалы құстарымызды шетелге сату да бой көрсетіп жүр.
 Ал табиғат бүгін, ертең және болашақта да ұрпаққа керек.
 І бөлім
 7 – бап.
 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
 ІІ бөлім.
 27 - бап.
 3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті.
 30 - бап.
 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
 2. Азаматтың мемлекеттік оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
 34 - бап.
 2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.
 36 - бап.
 1. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
 38 - бап.
 Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
 14 - бап.
 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
 15 - бап.
 1. Әркімнің өмір сүруге құқы бар.
 2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
 29 - бап.
 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
 2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы..
 «Жалғасын тап»
 1. Ұрлық түбі -...
 2. Біреуге ор қазба -...
 3. Заңның құрығы...
 4. Өтіріктің құйрығы...
 5. Тура биде...
 6. Туғанды биде...
 7. Қолыңмен істегенді -...
 Қағидалар ойыны
 1. Қазақстан Республикасын кім басқарады? /Президент/
 2. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? /парламент/
 3. Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы? /ата - ана/
 4. Балалардың не алуға конституциялық құқығы бар? /білім/
 5. ҚР - да бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? /1989 ж 20 қараша/
 6. Конституция сөзінің аудармасы /құрылым/
 7. Конституция қашан қабылданды? /1995ж 30 тамыз/