Тіл мерекесіне орай мектепте 3-4 сыныптармен " Тіл -ұлттық мұра, халықтық белгі " атты тәрбие сағаты өткізілді. Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармалары, еңбектерін дәріптей отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, білімді болуға баулыды.