14
март
2025
Көрісу - Амал мерекесі
№38 бастауыш мектебінде елімізде ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған Наурызнама жоспарына сай 14- Наурыз көрісу күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: Білім алушыларға ұлыстың ұлы күні Амал мерекесі туралы мағлұмат беру. Балаларды Отанын, елін сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы.
Жылдың басын наурыздан санайтын қазақ үшін 14 наурыз маңызды күн. Өйткені осы күні жаңа ай туып, жаңа жыл кіреді деп есептеген. Табиғаттың өзі жаңарып, көңілді бір күйге енеді. Қыстан қалған сүрмен аналарымыз Наурыз көже жасап, ағайын-туыстың басы қосылады. 


