Тілім менің- тірегім » НШ №38 Қызыл-сай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"38 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тілім менің- тірегім
06
сентябрь
2021

Тілім менің- тірегім

№38 бастауыш мектебі

Тақырыбы: «Тілім менің- тірегім»

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. 


Безендірілуі:  тіл туралы жазылған сөздері   плакаттар, шарлар.

Ұйымдастырған мұғалімдер: Алимбаева Г.Т., Кішкентаева М.С.

I - жүргізуші: Айзере
 Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
 
 II - жүргізуші: Нұрсая
 Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
 Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!
 
 (Әнұран)
 
 І – жүргізуші: Айзере
 Қайта туды қазағымның ай – күні,
 Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
 Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
 Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.
 
 ІІ – жүргізуші:Нұрсая
 Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
 Қажеті не басқаның өлшемінің.
 Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
 Енді міне жетеді көпке үнім.
 
 І – жүргізуші: Айзере
 Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
 
 ІІ – жүргізуші: Нұрсая
 Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
 Балалар, қазақта қанша би бар? Кәне маған қазақтың билерін кім атап береді? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

Олай болса, сол аталарымызды ортаға шақырайық.


 І оқушы: Мәди. (Төле би)
 Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім 

Жасыма!
 Уа, халқым!
 Көсіле шабар жерің бар!
 Тау көтерген елің бар,
 Қол бастайтын ерің бар.
 Атадан қалған сара жолың бар,
 Сөз қадірін біліңдер!
 
 ІІ оқушы: Нұрислам. Қазыбек би.

Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.
 Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды.. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Налыма!
 Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
 
 ІІІ оқушы: Сырым (Әйтеке би)
 Тамыры суда тұрса да
 Уақыты жеткенде
 Қурамайтын құрақ жоқ.
 Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
 
 

Айзере
  Даярлық сыныбы мен 1-ші сынып оқушыларының тақпақтары

Ән. Атамекен.

 Нұрсая
 Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.
 
 2-3-4 ші сыныптар тақпақтары 


 І – жүргізуші: Айзере
 Құттықтау сөз 


 2. Ән. Мен Қазақпын. 

ІІ– жүргізуші: Нұрсая
 Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .
 
 
 
 І – жүргізуші: Айзере
 Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
 
 ІІ– жүргізуші: Нұрсая
 Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
 
Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.












Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 Өзім туралы