Ұстаздар-ұлы тұлғалар
Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік жиын
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
Жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса,оның бірі – Ұстаз.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектебіміздің ұлағатты, ардагер ұстазы Қадірқұлова Роза апайға береміз.
Келесі құттықтау сөз мектеп меңгерушісі Кундыбаева Ляззат Аширбаевнаға беріледі.
Ән: «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 4 – сынып оқушылары Тынышбек Нұрсая мен Ізбасар Мәди.
Жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Даярлық сынып пен 1-сынып оқушыларының тақпақтары.
Жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау ән
«Асыл досым» әні орындайтын 3– класс оқушысы Қойшыбай Еркемай.
Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
2-4 сынып оқушыларының тақпақтары.
«Ұстазым» әні орындайтын 2 – класс оқушысы Тынышбек Нұрсәт.
Жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса!
«Достар» әні орындайтын – 4 класс оқушысы Тоқтосұн Ерасыл.
Жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

