Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық) асхана жағдайын тексеруі
2024 жылдың 12 қаңтар күні №38 бастауыш мектеп асханасында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракераж) комиссиясы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуы тексерілді. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, ыдыс- аяқтардың тазалығы, балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуы үнемі бақыланып отырады. Тәуліктік сынамалы алуы мен сақталуы мектеп асханасында азық- түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда сақтау, ас блогының санитарлық жай күйі келіп түскен тамақ өнімдерінің дайын тағамның сапасы бақыланып акт толтырылды.
Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.




№38 бастауыш мектебі
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының асхананы
санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру
Ақпарат
Мақсаты: Асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы, асханадағы санитарлық -гигиеналық жағдай мен тамақ дайындау сапасын тексеру
2024 жылдың қаңтар айының 12-сі күні мектепішілік мониторинг (бракераж комиссиясы)мектеп асханасының жұмысын және санитарлық талаптардың орындалуын бақылады.
Тексеру кезінде төмендегі жұмыстар бақыланды:
- Ыдыс-аяқтардың сапасы
- Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы
- Күнделікті астың ас мәзіріне сай дайындалуы, тамақтың сапасы, нормаға сәйкестігі
- Азық-түліктердің талапқа сай сақталу жайы.
Бақылау кезінде анықталды
Тексеру барысында асхананың тазалығы талапқа сай. Ыдыс -аяқтары жеткілікті, Сынығы жоқ.
Ас мәзірі күнделікті өзгертіліп, бекітіліп, ілінген. Тамақ нормаға сәйкес дайындалған. Тоңазытқышта тауарлар көршілестігі дұрыс қойылған. Тәуліктік ас сынамалары бар.
Ыдыс жуу ережесінің суретін жаңалау. Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдысты таңбалау ескертілді.
Қорытынды.
- Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай.
- Тамақ өнімдерінің сапасын оларды тасымалдау, жеткізу шарттары бар.
- Астың өлшем нормалары тура, ас мәзірі талабы сақталған
Ұсыныс
- Тамақ өнімдерінің сапасы, сақтау шарттары қадағалансын.
- Асхана ыдыс-аяқтарының сынбауына мұқият қаралсын.
- Ыдыс жуу ережесінің суретін жаңалансын.
- Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс таңбалансын.