Өмір қауіпсіздік ережесі » НШ №38 Қызыл-сай
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"38 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Өмір қауіпсіздік ережесі
15
октябрь
2021

Өмір қауіпсіздік ережесі

«№38 бастауыш мектебі» КММ









«Қауіпсіздік ережесі»



2 «А» сынып жетекшісі:

Алимбаева Г.А.


Сынып сағаты: Қауіпсіздік ережесі
 Мақсаты: 
 • Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту; алғашқы дәрігерлік көмектің қарапайым түрін көрсете білуге үйрету; 
 • Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту; 
 • өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу 
 
Бағыты: Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі 
 Көрнекілік: 
 • фигуралар,  • қорапша 
 • йод, зеленка, мақта, градусник, дәрі, дәкі  • АКТ құралы 
 Өту барысы
 Мұғалім: –Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біздер қауіпсіздік ережесі туралы әңгімелесеміз. 
 Ережелер еліне 
 Саяхатқа барайық 
 Қауіп-қатер төнсе егер 
 Сақтық жолын табайық. 
 –Біздер Қауіпсіздік Ережесі еліне пойызға мініп аттанамыз. Ол үшін онлайн ойын ойнайық. Түстеріне қарай вагондарды тіркейік. 
 
 

Презентациямен жұмыс 
 «Бағдаршам» Алдарындағы дөңгелекті берілген тапсырмаға сәйкес таңдап, тақтадағы бағдаршам ішіне жапсырады 
 ІІ. –Кенет Қауіпсіздік Ережесі елінде адасып қалсаң не істейсің? 
 
Сергіту сәті “Мен біркүні адастым ” 
 
 



Жан жағыма қарадым – ( қарау), 
 Анам жоқ, енді не істеймін – (қолын екі жағына жаяды), 
 Оңға қарай жүгірдім – (орнында жүгіру), 
 Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау), 
 Солға қарай жүгірдім – (орнында жүгіру), 
 Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау), 
 Айналамды қарадым – (айналу), 
 Көріп қалам ба екен деп– (айналасына қарау), 
 Жоқ. Қозғалмаймын орнымнан – (қолын кеудесіне қою), 
 Осы жерде күтем тек 
 Егер адасып қалсаңдар ешқайда кетпей тұрыңдар. Сонда сендерді тез тауып алады. 
 ІІІ. Бұл пойызда жұмбақ тиелген вагон бар. 
 Аузы жоқ , сөйлейді, 
 Көзі жоқ, көрсетеді. (Теледидар.) 
 .Өзі күнде шаң жеген, 
 Шаң жеп әбден дәндеген. (Шаңсорғыш.) 
 Көйлек қыртыс-қыртыс 
 Ол жүріп өтсе теп-тегіс (Үтік.) 
 – Қалай ойлайсыңдар, киім үтектеген соң, теледидар қарап, шаңсорғышпен тазалап болған соң не істеу керек? (балалар жауабы) 
 – Дұрыс айтасыңдар, электр құрылғыларды сөндіру керек. 
 Ойын «Өрт туғызуы мүмкін заттарды анықта» 
 
Өрт туғызатын заттар үстіненен тышқанды қойып басқанда қалады, ал қауіпсіз заттар жоқ болып кетеді 
 Ойын «Өрт тақтасында тұратын заттар» 
 Өрт тақтасында тұратын зат болса үстінен басқанда өрт тақтасына барып орналасады, басқа заттар орнынан қозғалмайды. 
 Сергіту сәті “Ұйқасың тап» 
 
• Бір, екі, үш, төрт, пәтерде болып жатыр …….(өрт) 
 • Түтін басып кетіпті, сөндірмеген біреу……(үтікті). 
 • Қызыл жалын лаулады, демек шырпымен біреу…….. (ойнады) 
 • Тек тұрғаның жарамас, тез 101 ге сен …… (хабарлас) 
 • Өртке оранды шатыр, өртсөндірушіні тез…….( шақыр) 
 ІV. - Сен құлап қолыңды жарақаттап алдың дейік. Берілген заттар ішінен жарақатты (йод, мақта, ине, зеленка, градусник, дәрі, дәкі) өндейтін заттарды көрсет 
 Ойын-жаттығу “ Алғашқы көмек көрсету” Қолданылған материал: 
 Если малыш поранился. Демонстрационный материал Бурдина С.В. 
 Күйік алған кезде (слайд) 
 Жарақат алған кезде (машықтық) 
 V Қорытынды 
 
Жарайсыңдар, балалар! Қауіпсіздік ережелерін жақсы біледі екенсіңдер. Енді сендерді Қауіпсіздік Ережесі елінің азаматы деп атауға болады. 
 


 


Похожие публикации:

14 февраль 2022 Ашық сабақ
09 декабрь 2021 Хх дыбысы мен әрпі
28 сентябрь 2021 Тамақтану ережелері