Елтаңбасы елімнің. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар » НШ №38 Қызыл-сай
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"38 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Елтаңбасы елімнің. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
04
февраль
2022

Елтаңбасы елімнің. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Бөлім:

Дыбыс және әріп. Ана тілі.  18-сабақ.№38 бастауыш мектеп

Педагогтің аты-жөні:

 Кундыбаева Ләззат

Күні:

04.02.22жыл

Сынып:1

Қатысушылар саны:5

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Елтаңбасы елімнің. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

Сабақтың мақсаты

Жаңа білімді меңгереді. Елтаңбада көрсетілген бейнелердің атауларын жаттайды. Тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды.

Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Сабақтың барысы


 





Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру Бір-біріне жақсы сөздер айтып, бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.




Ортасы

Оқулықпен жұмыс

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын. Еліміздің рәміздері туралы не білетіндерін сұрап өтеді.

1-жаттығу. Өлеңнің авторы жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.

Елтаңбаның авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, одан жан-жаққа аңыздардағы жылқының қанатымен жиектелген Күн сәулесі түріндегі уықтар шаншылған. Елтаңбаның төменгі бөлігіне

«Қазақстан» деген жазу жазылған. Шаңырақ

– Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің тірегі болып саналатын Отбасының нышаны. Қанатты тұлпар өз бойына Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол –     мәңгілік  өмір үлгісі және біздің Елтаңбамызда шексіз даму, рухани байлық және Қазақстанда бір шаңырақ астында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың әртүрлілігін бейнелеп тұрады. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол көрсетіп отыратын өз жұлдызы бар. Мұндай жұлдыз мемлекетте де болуы керек.

Өлеңнің авторы жайлы мағлұматты естеріне түсіреді.



Елтаңбасы елімнің


Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада –аспан әлемі.


Құт-береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген




Оқушылар өлеңді тыңдайды. Сосын мәнерлеп оқиды.

Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Әйбат әдемі, әсем.

Құт-береке байлық, мол қазына.

Өлеңнің не туралы екені, Елтаңбада қандай бейнелер суреттелгені жайында әңгімелейді.

ҚБ.

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.


https://www. akorda.kz/kz/ state_symbols/ kazakhstan_ emblem


 


Мұғалім Елтаңба туралы мағлұматты бала тіліне жақын, түсінікті тілмен түсіндіріп айтады. Мұғалім өлеңді өзі мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын түсіндіреді, талдау жасайды. Өлеңді мәнерлеп оқытады. Барлық оқушыға оқытуы тиіс. Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Дәптермен жұмыс

Мұнда мұғалім н дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келетінін айтады.

2-жаттығу жазбаша орындалады.

Дескриптор:

  • сөйлемді көркем жазады;
  • дыбыстық талдау жасайды.

Сергіту сәті. Өлеңді бірге дауыстап оқу.







Көркем жазу

Н Н Н Н Н Н

н н н н н н


2-жаттығуды сауатты, көркем көшіріп жазады.

ҚБ.

«Отшашу»

арқылы бағалау.



Аспанға қарап ай көрдік

Төменге қарап жер көрдік

Оңға,солға бұрылып

Егеменді ел көрдік

Сергіту сәті.

У-у-у, Желбіреген Ту! Ел-ел-ел,

Соқты самал жел, Қазақстан – туған ел!

– ы – і, ұ – ү


3-жаттығу. Сөз жұптарын меңзермен көрсету.








4-жаттығуда жатқа жазу тапсырмасы берілген. Алдымен жаңылтпашты мұқият түсініп оқып, жаттайды, содан кейін жатқа жазады.

  1. жаттығуды орындайды.

құз                            он

тұр                           сұр

сүр                           үш

ұш                             түр

өн                              күз

  1. жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазады.


Соңы

«Менен сұрақ, сізден жауап».

Оқушы сұрақтарға нақты жауап беру керек. Дыбыс дегеніміз не?

Әріп дегеніміз не?

«Менен сұрақ, сізден жауап» Жаңа сабақты бекіту мақсатында қойылған сұрақтарға жауап береді.

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.

Сұрақтар жазылған парақтар



 







 

Сөздердің жуан айтылуы неге байланысты? Жуан және жіңішке дыбыстарды ата.

Жіңішке айтылатын сөздерге мысал келтір. Жұп дауыстыларды ата.

Жуан және жіңішке дауысты сөздерге мысал

келтір.




Кері байланыс

Обратная связь: «Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңбер құрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды? Неліктен?

Бүгін не білдің? Сен үшін не жаңалық болды? Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?

Сабақта қандай қиындықтар  туындады? Сабақ аяқталғанда көңіл күйің қандай болды?

Неліктен?

Шеңберде тұрып, сұрақтарға жауап береді.












Похожие публикации:

01 март 2022 Ашық сабақ
14 февраль 2022 Ашық сабақ
09 декабрь 2021 Хх дыбысы мен әрпі
28 сентябрь 2021 Тамақтану ережелері