Ашық сабақ » НШ №38 Қызыл-сай
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"38 бастауыш мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
март
2022

Ашық сабақ

83-сабақ. №38 бастауыш мектебі

Бөлімі:

3В Шамалар. Уақытты бағдарлау

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Педагогтің аты-жөні:

Кундыбаева Ләззат

Күні:

01.03.22жыл

Сыныбы:1

Қатысушылар саны:5

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері/ Дәстүрлі мерекелер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.3.5 уақытты циферблат бойынша 12 сағаттық форматта анықтау/уақыт өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай, жыл) ажырату;

Сабақтың мақсаты:

Жыл мезгілдері, айлар, апта күндерінің ретін білетін боласың.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-3

Ынталандыру

Бүгін біз мерекелер туралы әңгіме айтамыз. Қандай мерекелерді білесің? Саған қандай мереке ұнайды?




4-6

Өзектендіру.

Оқулықтағы №2 тапсырманы орындау үшін «Жылдам есепте» ойынын ұйымдастыруға болады. Нәтижесін интербелсенді тақтадағы дайындамамен тексеруге болады.

6+4=10                 90 – 50=40               100 – 60=40

8 – 7=1                   10+70=80               20+80=100


Ұсынылған тапсырмаларды ауызша жылдам есептейді

Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

«Жылдам есепте»

ойыны.

7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Бүгін біз ай атаулары, апта күндерінің ретін білетін боламыз.

Мәселелік жағдаятты түсінеді.



Мағынаны тану

10-30

Жаңаны ашу.

Оқулықтағы №1 тапсырманы орындауды ұсынады.

Жыл мезгілдерін ата? (Қыс. Көктем, Жаз, Күз)

Осы мезгілдердің әрқайсысында аталып өтетін мерекелерді айт (Күзде - Білім күні, Ұстаздар күні. Көктемде – Наурыз мейрамы, Аналар күні. Қыста – Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл. Жазда – Балаларды қорғау күні, Конституция күні). 

Әрбір мезгілде неше ай бар? (4)  Оларды ата. 

Сенің сүйікті мерекең қай жыл мезгілінде аталып өтеді? Осы мезгілдің белгілерін сипатта, достарың оны тапсын.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Оқулық, 

дәптер.


30-37

Жаңаны қолдану

Оқулықтағы №3 тапсырманы жұппен орындайды. 

Мұғалім апта күндерін тура және кері ретпен айтқызады. 

Есепті шығар.

Балалар дүйсенбі күні 5 жемсауыт, ал сейсенбі күні
 3 жемсауыт ілді. 

Екі күнде барлығы неше жемсауыт ілді?

Есепте не белгілі? (Дүйсенбі күні 5 жемсауыт, ал сейсенбі күні 3 жемсауыт ілді)

Есепте не белгісіз? 

(Екі күнде барлығы неше жемсауыт ілгені)

Бұл қандай есеп? 

(Қосындыны табуға берілген есеп)

Сұлбасы қандай? 


Апта күндерін тура және кері ретпен айтады. 

Есептерді шығарады.

Шешуі: 5+3=8 (ж.)

Жауабы: 8 жемсауыт.

Кері есеп құрастырады.



Шешуі: 8 – 3=5 (ж.)

Жауабы: 5 жемсауыт.

«Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады

Оқулық, 

дәптер.


37-42

Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

Оқулықтағы №5тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Арман дүйсенбі күнгі жаттығуда сәрсенбіге қарағанда алысырақ, бірақ сенбіге қарағанда жақынырақ секірді. Ол қай күні ең алысқа секірді?

Мұғалім оқушыларға кесінділерді пайдалануды ұсынады. 

Тапсырманы орындау үшін кесіндіні пайдаланады. Оқушылар қызыл - сәрсенбі, көк - сенбі, жасыл кесінді -дүйсенбіні білдіретінін анықтайды.

Жауабы: Сенбі күні ең алысқа секірген.

Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады

Оқулық, 

дәптер.



Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы №4тапсырманы өз бетімен орындайды.

Тапсырманы өз бетімен орындайды.


Оқулық, 

дәптер.

Рефлексия

42-45

Оқушылармен INSERT әдісі бойынша кері байланыс орнату. Әр оқушыға жеке       парақшалар таратылады.

+

-

V




Осы әдіс арқылы мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін тексере алады.

Егер сабақ түсінікті болса,   «+»     таңбасының тұсына;

Мүлдем түсініксіз болса,  «»   таңбасының тұсына;

Сұрақтарына толықтай жауап ала алмаса, V таңбасының тұсына белгішелер қою қажет. 


INSERT 

әдісі