Әль-Фараби -Шығыстың ғұлама философы » НШ №38 Қызыл-сай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"38 бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әль-Фараби -Шығыстың ғұлама философы
15
октябрь
2021

Әль-Фараби -Шығыстың ғұлама философы

Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы

Сабақтың мақсаты: Фарабидің өмірімен, еңбектерімен таныстыру математиканың маңыздылығын көрсету арқылы оқушы бойындағы білуге деген талпыныс құмарлықты ояту, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түсу. Өз отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлы тұлғалар өмірін оқыта отырып, халқының мәдениетін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау 

Сабақтың көрнекілігі: нетбук.Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, әдебиеттік оқу 

Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз балалар Әбу Насыр Әл Фараби туралы тереңірек мағлұмат алып, ойымызды ортамызға саламыз.


Әбу Насыр Әл-Фараби балалық шағы

Әл-Фараби заманауи Қазақстан аумағындағы Фараб  қаласында 870  жылы дүниеге келді. Туған жері Арыс пен Сырдария өзендері бойында өткен. Болашақ философтың әкесі әскербасы және құрметті түрік отбасының өкілі болған. Атақты түрік ұлының толық аты-жөні: Абу-Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Ибн-Тархан ибн-Ұзлақ әл-Фараби ат-Түркі. 

Әл-Фараби өмірбаянында балалық шағы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Жасөспірім кезінде  Аристотель, Платон шығармаларын мен теорияларын оқығанды жақсы көрді. Көбінесе  Самарқандта, Ташкентте және Бұхарада өмір сүрді. Біртіндеп әл-Фарабидің білім деңгейі энциклопедияға айналды. Ол логика мен жаратылыстану, медицина және шет тілдерін оқып, музыканы жақсы көрді. Ғалым Бағдат қаласына жалғыз барған. Бұл қала сол кездері мәдениет, ғылым және өнердің  орталығы болды. Адамдардың өмір сүру деңгейі және әлеуметтік құрылымы жоғары болатын.

Аңыз бойынша, Әл-Фараби Бағдатта сот қызметкері болып жұмыс істеді. Бірақ біраз уақыттан кейін ол қызметін өзгертіп сабақ бере бастады. Ғылыми еңбектерден тұратын досының кітапханасын  оқығаннан кейін шабыттанып, ғылымға қызмет етуге бел буған. Замандастары философты  ақылды және талантты тұлға ретінде білетін.  Ойшыл  атақты ғалымның атағына ие болып 932 жылы Бағдаттан кетеді.

Ғылым жолы

Философтың шығармалары шартты түрде екі санатқа бөлінеді. Біріншісі ғаламның заңдарына, адамның өміріне және дүниетанымына арналған. Математика, астрономия және геометрия ғылымдарына байланысты заңдарды зерттеген. Сондай-ақ, уақыт пен кеңістіктің тұжырымдамасы туралы теориялар айтқан. Екіншісі жабайы жануарларға арналған жұмыстар мен олардың қолданыстағы заңдарын қамтиды. Олар химия, биология, медицина, оптика және физиканы ғылымдарын қамтиды. 

Әл-Фараби философия мен әлеуметтану, саясат, педагогика, этика, диалектика және саясат мәселелеріне қызығушылық танытты. Ойшылдың идеялары өз заманынан озық болды. Оның жұмыстары әлі де өзекті. Әл-Фараби әлемдегі барлық нәрсенің 6 деңгейге бөлген. Олар бір-біріне тығыз байланысты екенін айтқан. Бірінші кезең — барлық нәрсенің тууы. Екінші кезең барлық заттың пайда болуы. Үшінші кезең Ақыл-ой немесе дамып келе жатқан ақыл. Төртінші кезең — жан. Бесінші кезең пішін (форма). Ал алтыншы — материя. Бұл алты кезең адам және қоршаған ортаның пайда болуына әсер еткен деген философиялық ой.

Әбу Насыр әл - Фараби – ұлы ғалым, ұлы ақын. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ойшыл. Мың жылдан артық уақыттың қатыгез сынынан мүдірмей өткен адамзат ұлдарының бірі. Әбу Насыр әл - Фараби – қазақ халқының ежелгі мәдени орталықтарының бірі – аты әйгілі Отырарда дүниеге келген. Отырарды арабтар Фараб деп атаған. Осыдан барып Әбу Насыр әл – Фараби атанып кеткен. Әбу Насыр әл – Фараби бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алды. Одан соң Хорасанға барады. Фараби ғылымды, көбінесе, өз бетімен оқып үйренген. Ол 150 тарта еңбек жазған. Аристотельдің ой - мақсаттарын дамытып отырған.


Әбу Насыр Әл-Фараби философиясы

Әл-Фараби әлемнің жаратылуын және біртұтастығының бәрінің басты себебі Құдай деп санаған. Екінші орында планета мен аспан денелері, жер формалары және т.б. Ғалымның теориясы бойынша материя мәңгілік және формамен тығыз байланысты. Соңғы екеуі бір-бірін толықтырып тұратынына сенген. Ғалым Құдайдың жаратылыстың  себебі деп қарастырған. Сонымен қатар ғарыштық ақыл-ойға(космический разум) сенген. Ғалымның ойынша ғарыштық ақыл-ой барлық тірі  дүниені өз қорғауында ұстайтынына сенген. Ғалым  философияны діни көзқараста емес, ғылыми тұрғыдан зерттеген. Әл-Фараби Жаратушыны және материалдық әлемді жеке бөлген

Әл-Фарабидің — «Ізгілік туралы» аңызы (көрініс)

Автор сөзі: Әбу Насыр Әл-Фараби Дамаск қаласына келіп тұрып жатқан кезінде, бір бауға қарауыл болып жұмыс жасайды.Сол бау ішінде отырып ұдайы хикмат – философия ғылымымен айналысады. Әбу Насыр бұл жерде ежелгі дәуір ғалымдарының көзқарастары – шығарма-лары мен оларға жазылған түсініктерден бас алмай оқып отыратын. Ол өзі жарлы кісі еді, тіпті түні бойы ұйықтамай, шығарма жазумен айналысатын, кедейлігі сондай, өзіне қарау-ылдығы үшін беретін шамның нұрын пайдаланатын еді. Біраз уақыт Әбу Насыр осылай өмір сүрді. Кейін оның есімі төңірекке мәлім болып, беделі артады, жазған шығармалары да мәшҺүр болып кетеді. Сөйтіп, оның шәкірттері де көбейеді. Соның нәтижесіде ол өз заманының бірден-бір аса ірі ғалымы дәрежесне ие болды. Оның көптомдық “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады.Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылы-ми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Музыка саласында да ол білімді болыпты. Әбу Насыр ал-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі композитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды. Елдің айтуына қарағанда, ол ғажайып бір музыка аспабын жасапты, міне, сол аспаптан адамның жан жүрегін елжіретіп жіберетін сиқырлы бір ражап әуен естіледі дейді. Ол жазған шығармалар, түрлі саладағы еңбектері — бөлек-салақ күйінде шашылып жатады. Еңбектерін ол үлкен дәптерге емес, жеке парақ қағаздарға жазып тастай берген. Осылайша,өнер-білімге құштар,ақылды жанға ел-жұрты тыным бермейтін болыпты. Өйткені ,бірі келіп ақыл-кеңес сұраса, бірі дау-дамайды шештіреді екен.Осындай күндердің бірінде – ақынның үйіне өзін білікті, ақылды санап жүрген бір кісінің теріс қылығын көрген жұрты қатты ренжіп,наздарын айтуға келеді.Оның әрекетін айтып, өзара дауласып қалады да, түсінік беруін өтініп, жүгінеді.

Қорытынды.

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейд"Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей біледі.