Ашық сабақ
83-сабақ. №38 бастауыш мектебі
Бөлімі: | 3В Шамалар. Уақытты бағдарлау «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» | |
Педагогтің аты-жөні: | Кундыбаева Ләззат | |
Күні: | 01.03.22жыл | |
Сыныбы:1 | Қатысушылар саны:5 | Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы: | Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері/ Дәстүрлі мерекелер | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.3.5 уақытты циферблат бойынша 12 сағаттық форматта анықтау/уақыт өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай, жыл) ажырату; | |
Сабақтың мақсаты: | Жыл мезгілдері, айлар, апта күндерінің ретін білетін боласың. |
Сабақтың барысы:
Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||
Қызығушылықты ояту 0-3 | ЫнталандыруБүгін біз мерекелер туралы әңгіме айтамыз. Қандай мерекелерді білесің? Саған қандай мереке ұнайды? | ||||||||||
4-6 | Өзектендіру. Оқулықтағы №2 тапсырманы орындау үшін «Жылдам есепте» ойынын ұйымдастыруға болады. Нәтижесін интербелсенді тақтадағы дайындамамен тексеруге болады. 6+4=10 90 – 50=40 100 – 60=40 8 – 7=1 10+70=80 20+80=100 | Ұсынылған тапсырмаларды ауызша жылдам есептейді | Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады. | «Жылдам есепте» ойыны. | |||||||
7-10 | Мақсат қою (мәселелік жағдаят). Бүгін біз ай атаулары, апта күндерінің ретін білетін боламыз. | Мәселелік жағдаятты түсінеді. | |||||||||
Мағынаны тану 10-30 | Жаңаны ашу. Оқулықтағы №1 тапсырманы орындауды ұсынады. Жыл мезгілдерін ата? (Қыс. Көктем, Жаз, Күз) Осы мезгілдердің әрқайсысында аталып өтетін мерекелерді айт (Күзде - Білім күні, Ұстаздар күні. Көктемде – Наурыз мейрамы, Аналар күні. Қыста – Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл. Жазда – Балаларды қорғау күні, Конституция күні). Әрбір мезгілде неше ай бар? (4) Оларды ата. Сенің сүйікті мерекең қай жыл мезгілінде аталып өтеді? Осы мезгілдің белгілерін сипатта, достарың оны тапсын. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | Оқулық, дәптер. | ||||||||
30-37 | Жаңаны қолдану Оқулықтағы №3 тапсырманы жұппен орындайды. Мұғалім апта күндерін тура және кері ретпен айтқызады. Есепті шығар. Балалар дүйсенбі күні 5 жемсауыт, ал сейсенбі күні Екі күнде барлығы неше жемсауыт ілді? Есепте не белгілі? (Дүйсенбі күні 5 жемсауыт, ал сейсенбі күні 3 жемсауыт ілді) Есепте не белгісіз? (Екі күнде барлығы неше жемсауыт ілгені) Бұл қандай есеп? (Қосындыны табуға берілген есеп) Сұлбасы қандай? | Апта күндерін тура және кері ретпен айтады. Есептерді шығарады. Шешуі: 5+3=8 (ж.) Жауабы: 8 жемсауыт. Кері есеп құрастырады. Шешуі: 8 – 3=5 (ж.) Жауабы: 5 жемсауыт. | «Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады | Оқулық, дәптер. | |||||||
37-42 | Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру Оқулықтағы №5тапсырманы орындауды ұсынуға болады. Арман дүйсенбі күнгі жаттығуда сәрсенбіге қарағанда алысырақ, бірақ сенбіге қарағанда жақынырақ секірді. Ол қай күні ең алысқа секірді? Мұғалім оқушыларға кесінділерді пайдалануды ұсынады. | Тапсырманы орындау үшін кесіндіні пайдаланады. Оқушылар қызыл - сәрсенбі, көк - сенбі, жасыл кесінді -дүйсенбіні білдіретінін анықтайды. Жауабы: Сенбі күні ең алысқа секірген. | Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады | Оқулық, дәптер. | |||||||
Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс. Оқулықтағы №4тапсырманы өз бетімен орындайды. | Тапсырманы өз бетімен орындайды. | Оқулық, дәптер. | |||||||||
Рефлексия 42-45 |
| Егер сабақ түсінікті болса, «+» таңбасының тұсына; Мүлдем түсініксіз болса, «–» таңбасының тұсына; Сұрақтарына толықтай жауап ала алмаса, V таңбасының тұсына белгішелер қою қажет. | INSERT әдісі |