"Алтын күз" ертеңгілігі
"Алтын күз" ертеңгілігі
« Алтын күз!» атты бастауыш сыныптар арасында өтілген
мектепішілік іс-шараның сценариі
Мақсаты:
Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.
Инабатты, иманды, іскер, мәдениетті,жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ұқыптылыққа,шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахнада күз көріністері, нақыл сөздер, шар.
Қатысушылар: даярлық,2-4 сынып оқушылары
Іс-шара барысы:
Жүргізуші: Армысыздар Қымбатты ата-аналар мен оқушылар!Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі достар. Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші:
Береке, бақ дарыған
Жомарт көңіл, жарқын жаз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз!
Ортаға себет толы жемістері бар Күз келеді. (қол соғып қарсы алу)
Күз:
Сәлем өрен достарым
Өмірге көп қосқаным
Қымбатты сый алыңдар
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты.
Күз: Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.
Жүргізуші:: Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, жиналған қауымды бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік.
Енді рұхсат етсеңіздер «Күз кереметі» атты кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтсек.
1.Таныстыру /Әр топ өздерін таныстырады/
2. Викторина сұрақтары
3. Көрініс
4. Өнер
5. Күзгі тағам. Дастархан мәзірі.
1. Жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетер дейміз,
Әлі талай сынақтардан өтер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, — дей келе, топтардың таныстыруына кезек берейік
Жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннанда өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде,Қуана бер күлімде- деп, Сұрақ- бізден жауап- сізден деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз.Сайысымыздың шарты бойынша топтар бір сан таңдайды .Ал біз таңдаған санға арналған сұрақ қоямыз.
Жүргізуші:
Бүгін мейрам бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой -деп келе әр топ көріністерін тамашаласақ.
4. Жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
«Алтын күз» жарысынан бәйге алуға,
Топтар аянбай – ақ жан салыпты,- дей отырып сайысымыздың «Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімін бастаймыз. (Әр топ өзінің дайындап әкелген өз өнерлерін көрсетеді.)
5. Жүргізуші:
Көрсетіп өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Меркелік ас мәзірін сәндеп
Әкелді күзгі тағам әзірлеп.
Келесі бөліміміз: «Күзгі тағам» сайысы. 5 топтан бір оқушыдан шығып өз тағамын қорғайды:
Жүргізуші:
Келешекте әрі талай сайыстар бар, Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар Өнерлілер көбейсін күннен –күнге Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Алтын күз» мерекесіне арналған сайысымыздың жеңімпаз тобын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз
Құрметті ұстаздар, ата- аналар осымен біздің «Алтын күз» мерекесіне арналған сайысымыз мәресіне жетті, тамашалағандарыңызға рахмет.Амандықта жүздескенше сау болыңыздар.