"Тазару"
22 Наурыз Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны.