Көрісу - Амал мерекесі
№38 бастауыш мектебінде елімізде ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған Наурызнама жоспарына сай 14- Наурыз көрісу күні ұйымдастырылды. Мақсаты: Білім алушыларға ұлыстың ұлы күні Амал мерекесі туралы мағлұмат беру. Балаларды Отанын, елін сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы. Жылдың басын наурыздан санайтын қазақ үшін 14 наурыз маңызды күн. Өйткені осы күні жаңа ай туып, жаңа жыл кіреді деп есептеген.